Бұл туралы жұма күні ҚХР Авиамашина жасау корпорациясына сілтеме жасай отырып «Чайна дейли» басылымы хабарлады.
Тікұшақ «көрінбейтін» қасиеттерге ие болмақ.
Мәліметке сүйенсек, 2020 жылдан бастап армияға жеткізіле бастайтын тікұшақ соғыс жүргізу құрылымын өзгертуге мүмкіндік береді. Себебі, «тікұшақтың оқ ату қуаты бронетехникамен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Ұтқырлық, жер бетіндегі әскерді қамтамасыз ету жағынан да ешбір техникаға дес бермейді.