​Қытай қазақстандықтар үшін 1 тамыздан бастап виза алу тәртібін өзгертті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
​Қытай қазақстандықтар үшін 1 тамыздан бастап виза алу тәртібін өзгертті

​Қытай қазақстандықтар үшін 1 тамыздан бастап виза алу тәртібін өзгертті

Виза алушының барлық құжаты дұрыс болса, визаны 5 күнде ала алады.

  • 7 Тамыз 2018
  • 49
Фото - Caravan.kz

Алматыдағы бас консулдық алдындағы ұзын-сонар кезектің алдын алу үшін 2018 жылдың 1 тамызынан виза алуға электронды өтініш беру енгізілді, деп жазады sputniknews.kz.

Алматыдағы Қытайдың Бас консулдығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың қызметіне жүгінетіндердің қарасы қалың. Қазақстан азаматтары көп жағдайда Қытайға шығатын виза алуға келеді.

"Консулдыққа сауда-экономикалық, мәдени, білім беру, туристік және басқа да саладағы ынтымақтастыққа байланысты ұсыныспен келетіндер де бар", — деп жауап берді Бас консулдықтың баспасөз қызметі.

Екі ел арасындағы байланыс кеңейген сайын Қытай визасын алушылардың саны да артыпты. 
"Қытайға барушылар визаны жеке және топ болып алады. Ал әр топтағы адамның саны әр кезде әртүрлі болады", — дейді консулдықтағылар.

Консулдық ұзын-сонар кезек болмау үшін электронды өтініш беруді енгізіп отыр.

"Бас консулдық 2018 жылдың 1 тамызынан бастап виза алудағы кезекті шешу үшін электронды өтініш беру мен электрондық тіркеуді пайдалану тәртібін енгізді", — дейді баспасөз қызметі.


Ал виза алушының барлық құжаты талаптарға сай болса, өтініш беруші визаны 5 күнде ала алады.

"Қытайдың заңнамалық және нормативтік актілеріне сәйкес, сондай-ақ өтініштердің әрқайсысы үшін нақты жағдайларды ескере отырып, Бас консулдық виза беру туралы шешім қабылдауға құқылы. Егер өтініш берушінің құжаттары барлық талапқа сәйкес келсе, виза Бас консулдықта өтініш бергеннен кейінгі бесінші жұмыс күнінде дайын болады", — дейді консулдықтағылар.

Қытайда 15 мыңға жуық қазақстандық білім алып жатыр

Бас консулдықтың берген мәліметі бойынша, бүгінде Қытайда 15 мыңға жуық қазақстандық білім алып жатыр.

"Қытайда білім алу Бас консулдық арқылы жүзеге аспайтынын ескерсек, нақты саны бұдан да көп болуы мүмкін", — дейді олар.

Қазақстандықтар ҚХР-да білім алу үшін Қазақстанның білім және ғылым министрлігі арқылы немесе тікелей Қытайдың жоғарғы оқу орындарына өтінім береді.

Соңғы жаңалықтар