Қытай қазақтары той кортежін шана, түйе және аттармен жүргізді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай қазақтары той кортежін шана, түйе және аттармен жүргізді

Қытай қазақтары той кортежін шана, түйе және аттармен жүргізді

Қытайда отау тіккен қыз бен жігіт ақ боз атқа мініп, жолдастарымен бірге атшанамен серуендеді, деп хабарлайды ИА «KazINFO Tod

  • 29 Желтоқсан 2016
  • 903
Фото - Caravan.kz

Қытайда отау тіккен қыз бен жігіт ақ боз атқа мініп, жолдастарымен бірге атшанамен серуендеді, деп хабарлайды ИА «KazINFO Today».
Бұл көрініс ертедегі қазақтардың тұрмысын көз алдыңызға елестетеді. Түлкі тымақ, қасқыр ішік киген қыз-жігіттер тойдың сәнін келтіріп тұр.

Ал кортеждің орта тұсында атқа мінген қалыңдық, күйеу жігіт, қыз жолдас пен жігіт жолдас келе жатыр. Олардың барлығы қазақтың ұлттық киімін киіп алған.

Айрықша ұйымдастырылған той кортежі қазақы музыкамен әрленіп, ұлттық дәстүрді қайта жаңғыртты.

Желі қолданушылары жас жұбайларға ақ тілектерін жаудырып, бұл бастамаға қолдау білдірді.


«Соңғы кездері Қытайдағы қазақтар арасында дәстүрлі той серуендері  көбейіп келеді. Бұл да болса ұлтымыздың салт-дәстүрін ардақтаудың, оны бүгінгі ұрпақ санасына сіңірудің бір жолы болар», – деп жазады пікір білдірушілер.