Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Қырғызстанның премьер-министрі Алмазбек Атамбаев Қырғызстан мен Қытай Халық Республикасы үкіметтерінің арасындағы техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім жобасын мақұлдау туралы үкімет қаулысына қол қойды.
«Келісім жобасында, Қытай Халық Республикасының үкіметі Қырғызстан Республикасы үкіметінің өтінішімен Қырғызстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы Ұлттық госпитальдің емдеу корпусының жаңа ғимаратын салу жобасы мен басқа да екі жақтың келіскен жобалары үшін алпыс миллион Қытай юанін қайтарымсыз беруге келісті делінген»,- деп атап көрсетті баспасөз қызметіндегілер.
Қытайдың көмегін жаңа ғимаратқа жиһаздар мен қажетті медициналық құрылғылар алуға жұмсау жоспарлануда. Аталмыш жоба жалпы алаңы 5550 шаршы метрді құрайтын, ауруларға арналған 150 орындық нысан салуды қарастырады.
1 АҚШ доллары шамамен 8 юаньға тең.