Жарияланды: 480

Қытай жаңа жеңілдетілген несиелер беру арқылы Шынхай ынтымақтастығы ұйымының бірлескен экономикалық жобаларын қолдауға дайын - Вэнь Цзябао

Астана. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қытай жаңа жеңілдетілген несиелер беру арқылы Шынхай ынтымақтастығы ұйымының бірлескен экономикалық жобаларын қолдауға дайын . Бұл туралы бүгін Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерді үкімет басшылары кеңесінің 7-ші отырысында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Вэнь Цзябао мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ұйым шеңберіндегі ірі экономикалық жобаларды қолдау үшін Қытай жағы қатысушы елдерге жаңа жеңілдетілген несиелер беретін болады. Біз Шанхай ынтымақтастығы ұйымының даму қоры құрылған соң бірінші жарна құюға оң көзқараспен қараймыз. Азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты мәселенің өзектілігі күн санап өсіп келе жатуына байланысты Қытай жағы ұйымға мүше елдерге ауылшаруашылығы бағытындағы көрнекі технологиялық орталықтар құруға жәрдемдесуге дайын", -деді Вэнь Цзябао. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін