Қытайда 10 секунд ішінде 19 тұрғын үй жарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда 10 секунд ішінде 19 тұрғын үй жарылды

Қытайда 10 секунд ішінде 19 тұрғын үй жарылды

Қытайдың Хубэй провинциясындағы Ухань қаласында 10 секунд ішінде 19 ғимараттың күлі көкке ұшты. Қала билігі көп қабатты тұрғын үйлерді ә

  • 23 Қаңтар 2017
  • 900
Фото - Caravan.kz

Қытайдың Хубэй провинциясындағы Ухань қаласында 10 секунд ішінде 19 ғимараттың күлі көкке ұшты. Қала билігі көп қабатты тұрғын үйлерді әдейі жарып жіберген, деп хабарлайды Baq.kz.

Осылайша, жергілікті уақытпен сағат 11:50-де 19 ғимарат бір мезетте сүрілді. Көп қабатты ғимараттарды қирату үшін бес тоннаға жуық тротил жұмсалған. Жарылғышты қою үшін 120 мыңнан аса саңылау жасалыпты.

Енді сүрілген үйлердің орнында заманауи іскерлік квартал пайда болады. Қала билігі биіктігі 700 метрден асатын зәулім ғимарат салуды көздеп отыр.