Қытай билігі әртүрлі жастағы 22 баланы заңсыз сатқан ер адамды өлім жазасына кесті. Елдің Жоғарғы сотына сілтеме жасаған жергілікті ақпарат құралдары оның барлық дүние-мүлкі тәркіленгенін хабарлады. Тань Юнчжи есімді қаскөй 2008-2013 жылдар аралығында 2 адаммен бірігіп, балаларды елдің оңтүстік-батысындағы Юнь-нань провинциясынан жинап, орталықтағы Хэнань аймағына сатып келген. Сыбайластары әртүрлі мерзімге сотталды. Айта кетейік, былтыр Қытай соты бала саудасына қатысты 853 қылмыстың бетін ашқан.