Қытайда адам өліміне әкелетін жаңа вирус пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда адам өліміне әкелетін жаңа вирус пайда болды

Қытайда адам өліміне әкелетін жаңа вирус пайда болды

Қытайда кенелер арқылы берілетін SFTS вирусының жаңа түрі пайда болды.

  • 9 Тамыз 2020
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оның салдарынан кем дегенде 7 адам қайтыс болды, 60 адам жұқтырды.

Вирус 2011 жылы анықталған. Сарапшылардың айтуынша, SFTS кене жұқтырған адамнан басқа адамға қан немесе шырышты қабық арқылы берілуі мүмкін.

Басылымның мәліметінше, Қытайдың Цзянсу провинциясында осы жылдың бірінші жартысында 37-ден астам адам вирус жұқтырған, ал кейінірек Аньхой провинциясында тағы 23 адамға SFTS диагнозы қойылған.

Дегенмен, дәрігерлер қауіптің негізгі көзі әлі күнге дейін кене екенін еске түсірді, сондықтан егер барлық сақтық шаралары қолданылса, дүрбелеңге себеп жоқ.