Жарияланды: 240

Қытайда есірткі контрабандасы үшін сотталған Ақжарқынды отанында да қатаң жаза күтіп тұр

Қытайда есірткі тасымалы үшін сотталған отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадицияланған күннің өзінде де қатаң жаза күтіп тұр. Яғни оны біздегілер де басынан сипай қоймайды. Бұл туралы бүгін Бас прокурордың орынбасары Жақып Асанов мәлімдеді.

20 жастан енді ғана асқан Ақжарқын 3 ай бұрын аспан асты елінде өмір бойына түрмеге қамалған болатын. Бірақ сот үкімі әлі күшіне енген жоқ. Өйткені отандасымыздың адвокаты аппеляциялық шағым түсірген болатын. Бірақ Гуанчжоу сотының үкімді өзгерте қоюы екіталай. Сондықтан Ақжарқынның ендігі үміті, екі ел арасындағы сотталған азаматтармен алмасу жөніндегі келісім болмақ. Құжатқа екі ел 2011 жылы қол қойып қойғанымен, Қытай тарапы оны ратификациялауға асықпай жүрген еді. Десе де, Нұрсұлтан Назарбаевтың аспан асты еліне тамыздың аяғы мен қыркүйектің басындағы сапары барысында бұл келісім күшіне енді. Сондықтан Ақжарқынның жазасын отанында өтеуіне мүмкіндік бар. Естеріңізге салсақ, Ақжарқын Тұрлыбай алдыңғы жылы Қытайда Гуанчжоудан Малайзияға 4 келі есірткі тасымамақ болды деген күдікпен ұсталған еді. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін