Қомақты ұтыс иеленген 40 жастан асқан лотерея әуесқойы 10 жылдан бері үздіксіз лоторея ойнап келген. Ұтыс шыққан лоторея сандары оның отбасы мүшелерінің туған ай, күнімен құрамдас болып шыққан. Ұтыс сомасын теңгеге шаққанда 559 499 824 теңгені құрап отыр. Доллармен есептегенде бұл сома 1 543 448 долларды құрайды, деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Осының алдында, 14 қаңтар күні Алтай аймағының Бейтүн қаласында тағы бір лотерея әуескері осы лотерея билетінен 10 620 158 юаньдық сыйлыққа ие болған еді.