Қытайда жол апатына ұшыраған қазақстандықтарға дипломаттар көмек берді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда жол апатына ұшыраған қазақстандықтарға дипломаттар көмек берді

Қытайда жол апатына ұшыраған қазақстандықтарға дипломаттар көмек берді

Қытайда жол апатына түсіп ауыр жараланған отандастарымызға дипломаттарымыз жан-жақты көмек көрсетуде. Түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген 19 адамның 8-іне қажетті ем-домы көрсетіліп, елге жіберілген. Ал, қалған 11 азамат жарақатының ауырлығына байланысты ем-домды сол жақта жалғастырулары қажет.

  • 28 Наурыз 2015
  • 376
Фото - Caravan.kz

Отандастарымыздың емделуіне және оның жақындарының Қытайға барғандағы шығындарын жолаушылар тасымалдайтын «Синзэ» компаниясы мойынына алыпты. Істі Қытайдағы Қазақстан елшілігі қатаң бақылауында ұстап отыр. Айта кетсек, Семейден-Үрімшіге бағыт алған автобустың апатқа ұшырағанын кеше хабарлағанбыз. Жолаушыға лық толы қоғамдық көлік қарсы бағытқа шығып кетіп, жеңіл машинамен соғылған. 2 адам мерт болып, 19-ы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Нұржан Айтмаханов, ҚР СІМ баспасөз хатшысы:

— Министрлік жапа шеккен азаматтардың туыстарына жедел виза әзірлеуде қолғабыс көрсетуде. Олар сол Зимунай ауылына барып зиярат етуде. Жол көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр