Қытайдағы көмір шахтасында болған өрттен 24 адам қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайдағы көмір шахтасында болған өрттен 24 адам қаза болды

Қытайдағы көмір шахтасында болған өрттен 24 адам қаза болды

 Бүгін таңертең ерте Қытайдың солтүстік-шығысындағы Ляонин провинциясында  Фусинь кен өндіруші концерніне жататын «Хэнда» кен өндіруші компаниясының шахтасында болған өрттен 24 адам қаза тауып, 52-сі жарақаттанды.

  • 26 Қараша 2014
  • 404
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Белгілі болғандай, 26 қараша күні «Хэнда» компаниясына жақын жердегі кеніште сағат 1:31 кезінде магнитудасы 1,6 болған жер сілкінісі орын алды. Оның артынша компанияның жер асты штрегінде апат болды. Алдын ала зерттеу мәліметтері бойынша,  көмір тұтанған. Апат салдарынан 89 жұмысшының  24-і ажал құшып, 52-сі жарақаттанды.

Қазір оқиға орнында жедел құтқару шарасы аяқталды. Жарақаттанғандар ауруханаға жеткізілді. Компанияның барлық шахталарында жұмыс тоқтатылды, қауіпсіздікті тексеру жұмыстары жүргізілуде.