Цзянси провинциясындағы (елдің шығысы) пиротехникалық фабрикадағы жарылыстан 25 адам зардап шегіп, тағы 4 адам із-түссіз кеткен. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады. Қазір апат болған жерде құтқарушылар жұмыс істеп жатыр, жарақат алғандардың барлығы ауруханаларға жеткізілді.
Жергілікті биліктің мәліметіне сенсек, фабрикаға жақын маңайдан 1 мың адам қауіпсіз жерге көшірілген. Полиция қайғылы оқиғаны тексеруді қолға алды, ал кәсіпорын басшылары қамалды.
Қытайда жыл сайын көктем мерекесіне қарайпиротехника кәсіпорындарының жұмысы қарқын алады. Бұл — қытайдың жаңа жыл мерекесі, ол биыл 8 ақпанда атап өтіледі