Жарияланды: 1600

Қытайдың Сиань қаласынан шыққан түйелі керуен Жамбыл облысының шекарасына таяп қалды

Қытайдың Сиань қаласынан шыққан түйелі керуен Жамбыл облысының шекарасына таяп қалды

Шаньси провинциясы Сиань қаласынан шығып бес мың шақырымды артта қалдырған керуен Таразға келе жатыр. Керуенге қатысушылардың  көңіл күйлері жақсы. 

Еске сала кетейік, 2014 жылы 19 қыркүйекте Сиань қаласынан көне сауда жолымен жүріп өтуге достық және ынтымақтастық «Қытай - Қазақстан: Ұлы Жібек жолының шай мәдениеті» керуені  шықты. 

Керуен 8 қазанда Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау үшін Таразға жетеді.

Қорғас, Жаркент, Шонжы, Алматы, Қордай қалалары мен елді мекендерінде шаралар өтеді. Керуен баратын соңғы қала Ұлы Жібек жолында үлкен маңызға ие көне Тараз қаласы болмақ. 

«Күніне 25 шақырым жүреміз. Керуенге қатысушылардың көңіл күйлері жақсы. Елді мекендердегі тұрғындар ыстық ықыласпен қарсы алып жатыр.  Шамамен 22-23 қыркүйекте керуен Жамбыл облысына жетеді», - деп ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілі Зарина Жансеркеева.

8 - 9 қазанда Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау аясында іскерлік кездесулер, дөңгелек үстелдер, ғылыми конференция, концерттер өтеді, сонымен қатар шай үйі ашылады деп жоспарланған.

Шараны Қазақстанның дұңғандар Ассоциациясы мен ҚХР, Сиянь «И-Зе Фуца» компаниясы ұйымдастырды. Қазақстандық тараптан Алматы облысының кәсіпкерлер палатасы мен «Жаңа Жібек жолы» мәдени және экономикалық ынтымақтастықтың халықаралық академиясы» қолдау көрсетті. Шараны ұйымдастырушылар - Сиань қаласының әкімшілігі, Алматы және Жамбыл облыстарының, Алматы қаласының әкімдіктері.

Жымбылдықтар Қытайдың Шаньси провинциясы Сиань қаласынан Жібек жолының ізімен Тараз қаласына келе жатқан түйелі керуенді күтіп алуға дайындық үстінде.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың 19 қыркүйегінде Қытайдың Шаньси провинциясы Сиань қаласынан көне Жібек жолының ізімен «Қытай - Қазақстан: Ұлы Жібек жолының шай мәдениеті» атты достық және ынтымақтастық керуені Тараз қаласына қарай жолға шыққан болатын. Бұл ірі акция ҚХР Төрағасы  Си Цзиньпиннің Жібек жолы экономикалық белдеуін құру туралы бастамасын қолдау мақсатында қолға алынған.

150 түйесі бар керуен 8 қазан күні - Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекесі қарсаңында Тараз қаласына келіп жетуі тиіс.

Жамбыл облысы әкімдігінің хабарлауынша, қыркүйектің 20-сына қарай Қордай ауданы Қордай ауылында керуенді күтіп алу үшін салтанатты шара ұйымдастырылып, мерекелік шаралар мен конференциялар өткізіледі.

Айта кетейік, 5 мың шақырым қашықтықты жүріп өту шарасын Қазақстандағы дұңған қауымдастығы мен «И-Зе Фуца» (Сиань, ҚХР) компаниясы ұйымдастырып отыр.

Ал, керуеннің қазақстандық тараптан ұйымдастырушылары Алматы облысының кәсіпкерлер палатасы мен «Жаңа Жібек жолы» мәдени және экономикалық халықаралық академиясы болып табылады.

null
 

null
 

null
 

null
 

null
 

null

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін