Жарияланды: 710

Қытайлықтардан жемқорлықпен күресуді, еңбексүйгіштік пен тәртіпті үйрену керек - Н.Назарбаев

Қытайлықтардан жемқорлықпен күресуді, еңбексүйгіштік пен тәртіпті үйрену керек - Н.Назарбаев

Қазақстан Қытайдан жемқорлыққа қарсы қалай күресу керектігін, ал қазақстандықтар қытай халқынан еңбексүйгіштік пен тәртіпті үйренгені дұрыс.

Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Дяоюйтай» Қытай мемлекеттік резиденциясындағы баспасөз мәслихатында мәлім етті.

«Олар мықты реформаларды: «Қытай арманы» және «Қытайда жасалған» (Made in China) бағдарламаларын жүзеге асырып жатыр. Бұл қытайлық экономиканың жаңа технологияларға, жаңа өндіріс пен жаңғыртуға бет бұруы. Бұл бізді қызықтырады (...) Олар жемқорлықпен қалай күресетінін байқап, солардан үйрену керек. Олар шенеуніктер үшін мемлекеттік қызметкер этикасының 8 пунктін ойлап тапты», - деді Мемлекет басшысы қазақстандық журналистердің сауалына жауап беру кезінде.

Н.Назарбаев қазақстандық реформалардың бірінші пункті де мемлекеттік қызметті жетілдіруге бағытталғанын еске салды.

«Еңбексүйгіштік пен тәртіпті қытайлықтардан үйрену керек. Бір жарым миллиардқа жуық адам осындай аумақта тұрып, бірлескен қоғам сияқты өз болашағы үшін тынымсыз еңбек етіп жатыр», - деп атап өтті Президент.

Еске сала кетейік, кеше Н.Назарбаевтың Қытайға жасаған мемлекеттік сапары аясында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиньмен, үш қытайлық корпорацияның (CNPC, CITIC Group, Qinghua) басшыларымен кездесулері өтіп, 12 екіжақты құжатқа қол қойылған болатын.

Сапар 3 қыркүйекке дейін жалғасады. Бүгін ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесу өтеді. Бейсенбі күні ҚР Президенті қытай халқының жапондық басқыншыларға қарсы күресі соғысындағы Жеңісінің 70 жылдығына арналған салтанатты парадқа қатысады. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін