Қызметтік борышын өтеу кезінде көз жұмған өрт сөндіруші Айбын орденімен марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызметтік борышын өтеу кезінде көз жұмған өрт сөндіруші Айбын орденімен марапатталды

Қызметтік борышын өтеу кезінде көз жұмған өрт сөндіруші Айбын орденімен марапатталды

Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын атқаруда көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №7 өрт сөндіру бөлімінің аға өртсөндіруші-құтқарушысы Арслан Жолдасбекұлы Құрманбеков ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталды. 

  • 16 Мамыр 2023
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz  медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Арслан Құрманбеков — азаматтық қорғаныс сержанты.

1994 жылы 23 тамызда Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын Алматы қаласы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде өртсөндіруші-құтқарушы ретінде бастаған. Алматы қаласы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ №1 өрт сөндіру бөлімінде өртсөндіруші, аға өртсөндіруші-құтқарушы болып қызмет атқарған.

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №7 өрт сөндіру бөлімінің аға өртсөндіруші-құтқарушысы лауазымына 2019 жылы тағайындалған.