Қызылорда облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қызылорда облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қызылорда. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 11 Маусым 2008
  • 438
Фото - Caravan.kz

«Кеше өткен аппараттық кеңесте облыс әкімі Болатбек Қуандықов өзінің жаңа орынбасары Сәбит Қожахметовты таныстырды», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

«С. Қожахметов Қызылордада 1967 жылы туған. Бугуруслан азаматтық авиацияның ұшқыштары училищесін, Киев азаматтық авиация индженерлері институтын, Мәскеу халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетін бітірген», -делінген хабарламада.

«Еңбек жолын 1984 жылы Қызылорда авиаотрядының пилотынан бастаған.

2000 — 2001 жылдары Сәбит Қожахметов «Қызылорда әуежайы» АҚ-ның президенті болды.

С. Қожахметов өнеркәсіп және құрылыс мәселелерін, соның ішінде Қызылордадағы Қорқыт ата атындағы әуежайдың ұшу-қону алаңын жаңалау жобасын жауаптанатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті