Қызылорда облысында 200 цистерна-вагонға шикі мұнай заңсыз тиелген - қаржы полициясы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында 200 цистерна-вагонға шикі мұнай заңсыз тиелген - қаржы полициясы

Қызылорда облысында 200 цистерна-вагонға шикі мұнай заңсыз тиелген - қаржы полициясы

Астана. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысының қаржы полициясы 200 цистерна-вагонға шикі мұнайды заңсыз тиегені үшін Алматы қаласының ЖШС бірінің өкіліне қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Экономикалық қылмыстарға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 6 Маусым 2008
  • 406
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, Алматының ЖШС бірінің өкіліне және Белкөл станциясынан шикі мұнайды заңсыз тиеген белгісіз тұлғаларға қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК 193 бабының 3 тармағы «в» пункті (заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе басқа да мүлікті заңдастыру) бойынша және 183 баптың 2 тармағының «а» пункті (қылмыстық жолмен табылғаны белгілі мүлікті сатып алу немесе сату) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті