Жарияланды: 460

Қызылорда облысында жүк пойызының тепловозы өртенді

Қызылорда облысында «Түркістан-Шиелі» бағытында кетіп бара жатқан жүк пойызының тепловозы өртенді.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Бейсенбі, 30 маусым күні Қызылорда облысының Төменарық стансасында «Түркістан-Шиелі» бағытында кетіп бара жатқан №2205 жүк пойызы тепловозының артқы секциясынан өрт шыққан. 64 вагонды сүйреп бара жатқан тепловозда болған өрттің аумағы 2 шаршы метрді құраған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылардың хабарлауынша, бұл оқиға басқа пойыздардың қозғалысына кедергі келтірмеген. Өрт сөндіру жұмыстарына Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы және өрт сөндіруші арнайы пойыз жұмылдырылған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін