Жарияланды: 510

Қызылорда облысының кедендік бекеттерінде обаға қарсы карантиндік бөлімшелер ашылды

18-тамыз, дәйсенбіден бастап Қызылорда облысының барлық кедендік бекеттерінде, соның ішінде Қызылорда әуежайы мен темір жол бекетінде обаға қарсы карантиндік бөлімшелер ашылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық санэпидбақылау басқармасының бастығы Ерсұлтан Қуандықов хабарлады.

Оған себеп, 16-тамызда Арал аудандық ауруханасында Шөміш станциясының тұрғыны- 4 жасар қыз оба жұқтырып қайтыс болған еді. Дәрігерлердің пайымдауынша, індеттің жұғуына ауруды таратушы бүргенің шағып алуы себепкер болған. Қазіргі таңда Арал аймағында 42 дәрігерден құралған екі топ жұмыс істеп жатыр. Олар жергілікті дәрігерлермен бірге қора-жай, ауыл-үйлерді жаппай аралауда. Сонымен қатар үй малдарына вакцина егіліп, аумақ обаға қарсы күрес препараттарымен өңделу үстінде. Қызбен қарым-қатынаста болған ( ішінде жедел жәрдем қызметкерлері де бар) 27 адам оқшауланып, дәігерлік бақылауға алынды. Облыстық жұқпалы ауруларға қарсы күрес қорынан обаға қарсы күрес шараларына арналып 1,5 млн. теңге бөлінді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть