Қызылордада екі ер адамның жанжалы кісі өлімімен аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада екі ер адамның жанжалы кісі өлімімен аяқталды

Қызылордада екі ер адамның жанжалы кісі өлімімен аяқталды

Қызылордада ауруханада көз жұмған тұрғынға ауыр дене жарақатын салған күдікті анықталды,

  • 25 Сәуiр 2023
  • 40
Фото - Caravan.kz

24 сәуір күні полицияға қалалық ауруханадан 42 жастағы азаматтың жансақтау бөлімінде қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстары жүргізді. Тексеру барысында екі азаматтың өзара жанжалдасып, салдарынан жəбірленуші алған ауыр дене жарақаттарынан ауруханада қайтыс болғандығы анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 106-бабының 3- бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру əрекеттері жүргізіліп жатыр. Бұл қылмысқа күдікті азамат оқиға орнынан бой тасалаған.


Жедел іздестіру шараларының нəтижесінде күдікті 38 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол УҰИ-ға қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мəн-жайы анықталып жатыр.