Жарияланды: 350

Қызылордада санитарлық дәрігерлер арасында байқау өтті

Қызылордада санитарлық дәрігерлер арасында байқау болып өтті.

Облыстық денсаулық сақтау департаменті ұйымдастырған бұл кәсіби сайыс «Үздік санитариялық дәрігер» деп аталды. Бұл шараға аудандық, қалалық санэпидқадағалау басқармалары мен облыстық департаменттен дәрігер мамандар қатысты. Байқаудың негізгі мақсаты медицина қызметкерлерінің дәстүрлі кәсіби мерекесі қарсаңында аталмыш сала мамандарына қолдау көрсету, олардың кәсіби біліктілігін арттыру болды. Байқау комиссиясының шешімімен үздік деп танылған жеңімпаз-дәрігерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды. Оларға республикалық «Үздік санитариялық дәрігер» байқауына жолдама берілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін