Жарияланды: 460

Қызылордада Төтенше жағдай саласының жазғы спартакиадасы өз мәресіне жетті

Қызылордада төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты аймақтық құтқару құрылымдары арасындағы жазғы спартакиада өз мәресіне жетті.

Онда шабуылдау сатысымен мұнараның 4-ші қабатына шығу, 100 метрлік кедергілер жолағымен жүгіру, өрттен құтқару эстафетасы, гір тасын көтеру, қол күресі, 100 метрлік және 1000 метрлік ара-қашықтыққа жүгіру түрінен сынақтар өткізілді. Бұған қоса сайысшылар Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионында жеңіл атлетика эстафетасы мен ұзындыққа секіруден жарыс болды. Спартакиаданың жабылу рәсімі «Құтқарушы» спорт кешенінде өтті. Шара барысында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, диплом, мақтау қағаздарымен марапатталды. Төрешілердің есебімен жалпы командалар бойынша 1 орынды Қызылорда облысы ТЖД командасы, ІІ орынды Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД командасы, ІІІ орынды Алматы облысы ТЖД командасы иеленді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін