Жарияланды: 630

Қызылордаға АҚШ Қызыл Крест қоғамынан құрт ауруына шалдыққандарға арналған кезекті қайырымдылық көмек келіп жетті

Қызылорда облысына АҚШ Қызыл Крест қоғамынан құрт ауруына шалдыққандарға арналған кезекті қайырымдылық көмек партиясы келіп жетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Арал теңізі" бағдарламасының менеджері Қарлығаш Амандосова хабарлады.

Мұндай қайырымдылық шара Қызылорда облысында төрт жыл қатарынан өткізіліп отыр. Биыл науқасқа отбасы мүшелерінің санына қарай бірден үшке дейін сәлемдеме жіберілген. 50 килораммдық азық-түлік қоржынына ұн, күріш, соя майы және бұршақ қамтылып отыр. Барлық өнімдер арнаулы витаминдермен байытылған. Биылғы жылы АҚШ Қызыл Крест қоғамынан жіберілген қайырымдылық көмектің жалпы салмағы 1760 тоннаны құрайды. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бастығы Ерсұлтан Қуандықовтың айтуынша, Қызылорда облысындағы құрт ауруына шалдығу деңгейі Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы бекіткен нормадан 6 есе артық.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін