Жарияланды: 270

Қызылордалық футбол жанкүйерлері қаранәсілді ойыншыдан кешірім сұрады

Қызылордалық футбол жанкүйерлері қаранәсілді ойыншы Изу Азукадан кешірім сұрады. Ал оған ғайбат сөйлеген азаматқа қатысты құқық қорғау органдары шара қолданбақ.

Бұл дау Қызылордада өткен жергілікті «Қайсар» мен тараздық коменда арасындағы матчтан басталған еді. Алдымен «Қайсардың» жартылай қорғаушысы Сергей Кейлер Изуды нәсіліне байланысты кемсітті делінді. Соның ізін ала қызылордалық фанаттардың бірі былапыт сөздер айтқан. Дегенмен, мұндай жүгенсіздік бірінші рет болып отыр деген қызылордалық клуб басшылары қазір полициямен бірге тентек жанкүйерге әкімшілік шара қолданғалы жатыр. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Қазақстан футбол федерациясы Қайсардың келесі ойынын жанкүйерсіз өткізу мәселесін де қарастыруда. Айта кетейік, бұл ойында есеп теңбе-тең, яғни 0:0 болды.

Дәулет Теңізбаев, «Степные волки» фан-клубының жетекшісі:

- Біз Изу Азука мен тараздық жанкүйерлерден кешірім сұраймыз. «Қайсар» сапында да қаранәсілді ойыншылар болды. Біз оларды «қара бала» деп атайтынбыз.  Дегенмен, бір адамның ерсі қылығына байланысты бәрімізге топырақ шашуға да болмас. Арамыздағы жылы қарым-қатынас сақталады деген ойдамын.

 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін