Жарияланды: 380

Қызылордалық науқастан қырым-қанды безгегі күдігі расталған жоқ

Денсаулық сақтау министрлігі 11 шілдеде Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғынына қырым қанды безгегі ауруының күдікті оқиғасы тіркелгенін хабарлайды.

2005 жылы туған науқас қыз баланың 10 шілде күні Шиелі аудандық ауруханасының инфекциялық бөліміне түскенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Жүргізілген зертханалық зерттеудің нәтижесі теріс шықты. 11 шілдедегі жағдай бойынша, республикада қырым қанды безгегінің 6 оқиғасы тіркелген, оның біреуі Жамбыл облысында, екеуі - Оңтүстік Қазақстан, үшеуі Қызылорда облысында. Эндемиялық өңірлерге қырым қанды безгегі бойынша алдын алу шаралары жалғастырылуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін