Қызылжардың қақ ортасында этноауыл бой түзеді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылжардың қақ ортасында этноауыл бой түзеді

Қызылжардың қақ ортасында этноауыл бой түзеді

Қызылжар Наурыз мейрамына қарсы ұлттық нақышпен безендіріліп жатыр. Қаланың орталық алаңына этноауыл бой түзеді. Ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, бүтін бір отбасының тірлігі суреттелген мүсіндер қойылды.

  • 21 Наурыз 2015
  • 266
Фото - Caravan.kz

Әйгілі Мадам Тюссо мұражайындағы мүсіндерден еш кем түспейтін мына «отбасы мүшелерін» жергілікті қолөнершілер ұлттық киім киіндіріп, гипстен құйыпты. Бір табын жылқы да осы материалдан жасалған. Асық ойнаған балалар мен наурыз көже дайындап жатқан әйел мүсіні де алаңның шырайын кіргізген. Қызылжарда көктем мерекесіне қарсы мұндай дайындық бұрын-соңды болмаған еді. Ал кезінде әз-Наурыз қайтадан тойлана бастағанда, осы теріскейлік атқамінерлер оның не екенін білмеген екен. Сонда биліктегілер мерекені тойлаудың жөн-жоралғысын үйренсін деп, Жамбыл облысына арнайы адамдарын жіберіпті.

Амандық Жантеміров,  ҚР мәдениет қайраткері:

-Сонда олар барып, қазақтың киіз үйін, алты қанатты, он екі қанатты киіз үйлер болады ғой, соларды қалай тігеді, оның ішінде қандай жабдық болуы керек, не дүние қою керек, оның ішіндегі кемпірлер болсын, жас қыздар болсын,  келіншектер болсын қалай киіну керек , ұлттық киімдерді қалай соның ішіне ілу керек соның бәрін үйреніп келді.