Қызылжарға Франциядан «Лимузин» атты сиырлар әкелінді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылжарға  Франциядан «Лимузин» атты сиырлар әкелінді

Қызылжарға Франциядан «Лимузин» атты сиырлар әкелінді

Француздың 300 лимузины Қызылжарда! Шын мәнінде бұл темір тұлпар емес, сиырдың бір түрі. Асыл тұқымды ірі қара Солтүстік Қазақстан облысындағы шаруа қожалығына жайғастырылды. Еті «мәрмәр» , өзі сүтті  мал Ангус пен басқа да асыл тұқымды туыстарына қарағанда, теріскейде жерсінуі тиіс. Бұл сиырлар неге лимузин деп аталады және оның құны қанша? Бұл сұрақтардың жауабын Гүлмира Тасболатқызының материалынан біле аласыздар.

  • 26 Қараша 2014
  • 307
Фото - Caravan.kz

Лимузин сиырының бұлайша тағы мінез көрсетуі  тегін емес. Оның арғы тегі туралы деректер қазіргі Франция аумағындағы ежелгі  үңгірлерден табылған. Онда осыған ұқсас жнуардың суреті 20 мың жыл бұрын қашалыпты. Мына сиырлар Белорусьтен әкелінген. Төрт күн бойғы жолға төзіп келген малды бүгін тойдыра азықтандыруға болмайды дейді мамандар.

Александр Зиберт, ЖШС директорының орынбасары:

-Бүгін көп жем жесе күпті болып қалуы мүмкін. Сондықтан тек суғарып, аздап шөп береміз. Бұлар біздің сиырлар жейтін азыққа бейімделген. Жем талғамайды.

Етінің дәміне қызыққан  француздар 1850 жылдан бері Леймуза провинциясында осы ірі қараны асыл тұқымды мал ретінде өсіре бастаған. Етті әрі сүтті сиырлар аязға да төзімді. Айналдырған  бір жылда  жаңа туған бұзау 400 келіге дейін салмақ қосады. Мына сиырлардың әрқайсысының құны жарты миллион теңгеден асатын көрінеді. Шетелдік малға әсіресе жұмыссыз жүрген жергілікті халық  риза.


Тілек Бөкелеев, малшы:

-Аттары қызық, сиырлар лимузин деген малдар.Аяқтары ұзын,   сирақты малдар. Бізге  жұмыс бар. Ақшасын төлеп отырады  ай сайын.

Бүгін теріскейді мал шарушалығына 5 жүк көлігімен 300 «Лимузин» әкелінді. Мал жолға төзіп,  шығынсыз жеткен көрінеді. Енді міне ойсыл қараның төлі өздері үшін арнайы салынған  қораларға жайғасып жатыр.

-Шет елден әкелінген  сиырлар мынадай  үлкен қораларда  тұратын болады. Бұл кәдімгі мал базасы, мүлде жылытылмайды. Қора малдың өз қызуымен жылынады деген жоспар бар.

Шаруашылық басшылығы лимузиндерді соймаймыз дейді. Керісінше,  осы қожалық аясында олар асыл тұқымды мал шаруашылығын құрмақ.