Қызына зорлық көрсеткен 55 жастағы шымкенттік сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызына зорлық көрсеткен 55 жастағы шымкенттік сотталды

Қызына зорлық көрсеткен 55 жастағы шымкенттік сотталды

Шымкентте 55 жастағы ер адам сексуалдық зорлық-зомбылық көрсеткені үшін сотталды.

  • 15 Қаңтар 2016
  • 803
Фото - Caravan.kz

Шымкент тұрғыны «Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты сексуалдық сипатта зорлық-зомбылық жасау» 121-бабының 4-бөлігі бойынша сотталды, деп хабарлады кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша мамандандырылған сот кеңсесінен.

Іс материалына сәйкес ер адам үш жылдан бері өз қызына сексуалдық сипатта әрекет жасап келген. 14 жастағы қыз бұл жайды анасына айтқан, бірақ ол сенбеген.

Полицияны қыз бала оқитын мектеп шақырған. Оның мінез-құлқындағы өзгерісті ұстазы байқаған. Жасөспірімнің бұйығы жағдайының себебін анықтауға мектеп психологы жәрдемдескен.


Сотта ер адам айыбын мойындағаны хабарланады. Ол мұның бәрін мас күйінде жасағанын айтып, кешірім сұрады. Алайда қыздың анасы күйеуін кешірмеді.