Жарияланды: 370

Радиожиліктерді пайдалануға рұқсат беру тәртібін бұзу бюджетті жыл сайын 60 млн. теңгенің шығынына батырып отыр - ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі

Уәкілетті мемлекеттік мекемелер тарапынан радиожиліктерді пайдалануға рұқсат беру тәртібін бұзу бюджетті жыл сайын 60 млн. теңгенің шығынына батырып отыр. Бұл туралы бүгін, 17-мамырда мәжілісте "Радиожиіліктерді конверсиялау" тақырыбына орай "үкіметтік сағат" аясында баяндама жасаған ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Біржан Қанешев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

"Қазіргі жағдаймен ең сұранысқа ие жиіліктер жалпы тұтыным үшін азаматтық операторлар мен үкіметке берілген",- деді Б.Қанешев. "Оларды тарату жұмысын біз үкімет құрамындағы уәкілетті орган болып табылатын қорғаныс министрлігімен келісуге міндеттіміз",- деді ол. Агенттік төрағасының айтуынша, 1 айлық мерзімде келісу керек деген заңнама талабына "мемлекеттік мекемелер бағына бермейді", соның салдарынан, келісу процедурасы 2-3 айға созылып кетеді. "Осыған байланысты біз өзімізге өтініш білдірген жақтардың құқығын бұзып қана қоймай, бюджетке түсетін түсімдерді кемітіп отырмыз",- деді Б.Қанешев. Оның айтуынша, радиожиіліктерді пайдалануға рұқсат беру мерзімін кешеуілдету "барлық тиісті төлемдер мерзімін кейіндетуге себепкер болу салдарынан ең оптимистік болжамға бағынғанның өзінде бюджет жыл сайын 60 млн. теңгеден қағылып отыр".

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін