Жанна Оразбаева, «Рахат» фабрикасы директорының қызметкерлер ісі жөніндегі орынбасары:
–Жақында пайда болған мәлімет асыра берілген. Және қазіргі жағдайға сәйкес емес. Мүлдем сәйкес келмейді. Мұндай пікірді компания қолдамайды. Ешқандай қысқартылым болмайды және болған да емес.
Еліміздегі ірі кондитерлік фабрикаларың бірінде қазір 3800-ге жуық адам жұмыс істейді екен. Әдеттегі жағдай бойынша жыл басында сату көлемі азаятын болғандықтан жоспарланған жөндеу жұмыстары ерте басталыпты. Сондықтан қажеттіліктеріне байланысты 61 адам ақысыз еңбек демалысына кетсе, өзгелері үздіксіз істеп тұрған цехтарға ауыстырылған. Еңбекақыны азайту мәселесі де мүлдем айтылған емес дейді фабрика басшылығы. Бірақ әлгіндей қауесеттер ресейлік өндірушілерге пайда әкелген. Себебі, сырттан ағылған тәтті тағамдар отандық тауарға деген сұранысты төмендетіпті.