Рамзан Қадыров: Құдай бізге 4 әйелге дейін алуға рұқсат берген
![]() |
Шешенстан президенті Рамзан Қадыров АХАЖ қызметінің отбасыларды бұзатынын, ал көп алуға дінде рұқсат беретінін айтты. |
Рамзан Қадыров “Россия 24” арнасына сұхбат берді
«АХАЖ не үшін керек? Мүлікті бөлу үшін. Ажырасқанда күйеуінің мүлкінің жартысы әйеліне қалады. Әйел мұны білгендіктен, ажырасып екінші рет те үйлене алады. АХАЖ – отбасыларды бұзу үшін ойлап табылған», – дейді Қадыров.
Шешенстан президенті елдегі көп әйел алу мәселесіне тоқталды.
«Мен көп әйелалуға рұқсат берген емеспін. Мұсылмандарға 4 әйелге дейін алуды құдай берген. Заңды бір әйелі бар ма, болды. Біз 4 әйелмен де заңды некелес деп жатқан жоқпыз ғой. Басқалар үшін көңілдес не сүйікті шығар. Бірақ дініміз бойынша бәрі заңды жары болады, – дейді Рамзан Қадыров.
Оқи отырыңыз:
Луи Вьютон бренді алматылық барахолканың үстінен шағым түсірді
Есболат Беделхан Black Dial тобынан кеткен рэперлерден 96 миллион теңге талап етті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін