Рамзан Қадыровтың қайтыс болғаны туралы расталмаған ақпарат тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рамзан Қадыровтың қайтыс болғаны туралы расталмаған ақпарат тарады

Рамзан Қадыровтың қайтыс болғаны туралы расталмаған ақпарат тарады

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров комаға түскеннен кейін, қыркүйектің 17-сі күні кешке қайтыс болды деген ақпарат тарады.

  • 18 Қыркүйек 2023
  • 120
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін оның баспасөз қызметі Қадыровтың таңғы жүгіру кезіндегі бейнежазбасы арқылы БАҚ өкілдерін алдамақ болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы “Адырна” -ға сілтеме жасап.

Шешен оппозиционері Абубакар Янгулбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Шешенстан басшысының өлгенін хабарлады.

Ақпарат бойынша, оппозиционер Қадыровтың өлімі туралы 13:27-де әлеуметтік желіде жазды. Бұл хабарды естіген кезде Кремль тікұшақтары Қадыров емделіп жатқан ауруханаға жіберілген. Сонымен қатар, ол жерге шешен элитасының қымбат көліктерімен кортеждері келе бастаған.

Кремльден Внуково бағытында екі тікұшақ бірінен соң бірі ұшып кетті. Кремльдің бас госпиталіне бірінен соң бірі шешен мемлекеттік нөмірлері бар, не басқа ұйымдардың нөмірлері бар, бірақ салонда Шешенстан тұрғындары бар қымбат көліктер келіп жатыр, — делінген хабарламада.


Бір қызығы, шешен элитасын аурухана ғимаратына тексерусіз кіргізеді, ал басқа келушілерді мұқият тексереді.

Дегенмен, Ресейде Қадыровтың денсаулығы туралы ақпаратты жасыруға тырысуда.

Соңғы жаңалықтар