Ресей, Белоруссия мен Қазақстанның үкімет басшылары Мәскеуде бас қосады
Ресей, Белоруссия мен Қазақстанның премьер-министрлері Владимир Путин, Михаил Мясникович пен Кәрім Мәсімов шілденің 12-сі күні Мәскеуде үшжақты кездесу өткізу туралы келісті. Бұл туралы РФ үкімет басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлім етті. |
Д.Песковтың айтуынша, ресми сапармен Улан-Удэде жүрген В.Путин екі елдегі әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті.
Ол үш мемлекет арасындағы біртұтас экономикалық кеңістік құру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға берді. Бүгін «үш ел арасындағы кеден бекеттерінің алынып тастауы осының дәлелі» деп атап өтті В.Путин.
Сонымен қатар, үкімет басшылары 12-шілде күні Мәскеуде бас қосуға келісіп, «үш ел өкілдерінің қатысуымен бизнес форум өткізу» қажеттігін тілге тиек етті.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін