Жарияланды: 430

Ресей президентінің кеңесшісі Андрей Илларионов Қарағандыға барады

27-тамыз, сәрсенбіде Ресей президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Андрей Илларионов Қарағандыға келеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. Сапар мақсаты- облыстағы экономикалық және әлеуметтік жаңартулар барысымен танысу.

Ресей президентінің кеңесшісі экономикалық және әлеуметтік маңызды нысандарды аралап, облыстағы тарихи ескерткіш орындарын аралайды. Атап айтсақ, А.Илларионов "Испат-Кармет" ААҚ, "Абсолют-Қазақстан" ЖШС тәрізді кәсіпорындар жұмысымен танысады. Сондай-ақ, Ресейлік өкіл кезінде КарЛАГ орналасқан Долинка ауылында болмақшы. Ресейлік мейманды сонымен бірге "Балалық сарайы" атты жеке меншік балабақша мен Қарағандының "Голубые пруды" ықшам ауданындағы ең бір таңдаулы мектеп қонаққа шақырып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін