Ресей тауарларының арзандауына байланысты солтүстікте рубльге сұраныс артты - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей тауарларының арзандауына байланысты солтүстікте рубльге сұраныс артты

Ресей тауарларының арзандауына байланысты солтүстікте рубльге сұраныс артты

Еліміздің Ресеймен шекаралас өңірлерінде рубльге деген сұраныс екі есеге дейін артқан. Көрші ел валютасының құлдырауы салдарынан ондағы тауарлар 30 пайызға дейін арзандаған көрінеді.

  • 3 Желтоқсан 2014
  • 221
Фото - Caravan.kz


Енді кәсіпкерлер тұрмақ, астында көлігі бар қарапайым халық та керек -жарағын Ресейден сатып алатын болған, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Сенбі, жексенбі күндері Қызылжар тұрғындары жақын жердегі Омбыға ағылатын болған. Ол жақта тұрмыстық техника, азық-түлік, киім-кешек 30-40 пайызға арзан көрінеді. Бұл жағдай, әрине, өңірде Ресей рубліне деген сұранысты арттырған. Десе де, оның теңгеге шаққандағы бағамы көтерілген жоқ, керісінше, төмендеп барады. Бес айда бұл валютаның құны 5 теңге 40 тиыннан 3 теңге 79 тиынға дейін, яғни 20-25  пайызға құлдырады. Қазір қырғыздың сомынан сәл қымбатырақ боп тұр. Нәтижесінде тек Солтүстік Қазақстан облысында бес айдағы сатылым екі есеге ұлғайыпты. Жалпы еліміз бойынша осы мерзім ішінде 50 миллиард Ресей рублі сатылған. Былтыр бұл көрсеткіш 50 пайызға кем еді дейді қаржыгерлер. Ал рекордтық көрсеткіш Батыс Қазақстанда тіркелген. Оралдың валюта айырбастау орындары былтырмен салыстырғанда Ресей рублін бес есе артық сатыпты.