Жарияланды: 30

Ресей Telegram мессенджерін бұғаттай бастады

Ресей Telegram мессенджерін бұғаттай бастады

Федералдық қызмет байланыс операторларына Ресей территориясында Telegram мессенджерін бұғаттауды тапсырды. Олар осы сәттен бастап аталған мессенджер түрін бұғаттаулары тиіс.

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Байланыс саласындағы Ресей федералдық қызметіне Таган аудандық сотынан үкім келіп түсті. Аталған үкімде Ресей территориясында Telegram Messenger Limited Liability Partnership мессенджеріне қолжетімділікті шектеу мәселесі қаралған. Осыған байланысты 16 сәуір күні байланыс операторларына тапсырмалар жіберілді», - делінген хабарламада.

РФ заңнамасына сәйкес, мессенджер Ресей аумағында 24 сағат ішінде бұғатталуы тиіс.

Оқи отырыңыз:

Оңтүстікке келін бола алмайсың: шымкенттік жігітке ғашық боп қалған қыз кеңес сұрады

Қытайдағы қазақтардың не үшін қамалып жатқаны белгілі болды

ШҚО-да 2 шақырымдық жер қақ айырылды
Биыл қазақстандықтар айдың 3 сағат тұтылғанын көре алады

 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть