Ресей виза ресімдеу кезінде шетел азаматтарын дактилоскопиядан өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей виза ресімдеу кезінде шетел азаматтарын дактилоскопиядан өткізеді

Ресей виза ресімдеу кезінде шетел азаматтарын дактилоскопиядан өткізеді

Ресей Президенті Владимир Путин шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың биометриялық жеке мәліметтерін жинау туралы жарлыққа қол қойды.

  • 25 Қараша 2014
  • 624
Фото - Caravan.kz


Құқықтық мәліметтің ресми интернет-порталында жарияланған жарлыққа сәйкес, 2014 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Ресейге келуге виза ресімдеу немесе Ресей аумағы арқылы өту үшін транзиттік виза ресімдеу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың барлық саусақтарының папиллярлық сызықтарын сканерлеу жүргізіледі.
Осы құжатпен ресейлік СІМ-не Ресей ФҚК қатысуымен биометриялық мәліметтер жинауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету тапсырылады.
Құжатқа сәйкес, 2014 жылдың 5 желтоқсанға дейін барлық шет мемлекеттер шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың биометриялық жеке мәліметтерін жинау жүзеге асырылатыны туралы хабардар етілуі тиіс.