Жарияланды: 420

Ресей және Өзбекстан елдері іздеу жариялаған қылмыскерлер қолға түсті

Ресей және Өзбекстан елдері іздеу жариялаған қылмыскерлер қолға түсті

Ақмола облысында Ресей және Өзбекстан елдері іздеу жариялаған қылмыскерлер қолға түсті.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады. 

Ақмола облыстық ІІД қызметкерлерімен жүргізілген «Құқық тәртібі» жедел алдын алу шарасы барысында Степногор қаласында 1972 жылғы Өзбекстан Республикасының азаматы қолға түсті. Оның ӨР ҚК 252-бабының 3-бөлімі «Радиоактивті материалдарды заңсыз иемдену» бойынша қылмыс жасап, Ташкент қалалық ІІБ 2014 жылдан бері іздеуде жүргені анықталды.

Қазіргі кезде қолға түскен азаматтан ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынды.

Сонымен қатар, шара аясында Бурабай ауданы аумағында бой тасалап жүрген 1988 жылғы ресейлік қолға түсті. Оның Омбы қаласында РФ ҚК 158бабының 2-бөлімі «ұрлық» бойынша қылмыс жасағаны анықталып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін