Ресейде маймыл шешегі тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде маймыл шешегі тіркелді

Ресейде маймыл шешегі тіркелді

Ресейде маймыл шешегін жұқтырудың бірінші дерегі тіркелді. Ауру анықталған ер адам Еуропадан келген.

  • 12 Шiлде 2022
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Дерт жеңіл формада өтіп жатыр, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ресейге келген соң науқаспен байланысқа түскендер адамдар шеңбері шектелді. Пәтерде жалғыз тұрған. Байланысқа түскен адамдар медициналық бақылауда. Науқас медициналық мекемеде оқшауланды", – делінген хабарламада.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алдын ала мәліметіне сәйкес, маймыл шешегін жұқтыру деректері күн санап өсіп келеді.


Бүгінгі таңда әлемнің 70 елінде 9 111 адам вирус жұқтыру дерегі тіркелген, оның ішінде 9 071 дерек расталды. Дертті жұқтырғандардың ең көбі Ұлыбританияда тіркелген (1 552). Ал Германияда 1 490, Испанияда 1 034, Францияда 721, Португалияда 473, АҚШ-та 790 дерек тіркелген.

Соңғы жаңалықтар