Ресейде Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады

Ресейде Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады

Псков облысында әскери Ми-8 тікұшағы апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды, салдарынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

  • 9 Ақпан 2016
  • 299
Фото - Caravan.kz

«Тікұшақ апатының орнына келіп жеткен құтқару-іздестіру тобының есебінде, апат салдарынан экипаж құрамындағы үш ұшқыш пен бір техник нұсқаушы қаза тапқаны көрсетілген», — делінген елдің қорғаныс министрлігі таратқан ақпараттық хабарламада.

Ми-8 тікұшағы Остров әуе айлағынан Псков облысына жоспардағы оқу-жаттығу ұшуын жүргізген. Экипажбен байланыс жергілікті уақытпен 19.21-де үзіліп кеткен.

Қазір апат орны қоршалған, сол жерде Ресей ТЖМ қызметкерлері жұмыс істеуде. Оқиға орнына әскери комиссия жіберілді.