Ресейде шетелден келген сәлемдемелер ашылып, тексерілуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде шетелден келген сәлемдемелер ашылып, тексерілуі мүмкін

Ресейде шетелден келген сәлемдемелер ашылып, тексерілуі мүмкін

Ресейдің Интернеттегі сауда-саттық компанияларының қауымдастығы шетелден келетін сәлем-сауқаттың 5 пайызын ашып тексеруді ұсынды. Қазір осы мәселе бойныша кеден қызметімен келіссөз жүргізіліп жатыр. Олар осылайша контрафактілік өніммен күресеміз де сендіруде, деп хабарлайды ресейлік РБК агенттігі.

  • 18 Қаңтар 2016
  • 279
Фото - Caravan.kz


Интернеттегі сауда-саттық компаниялардың қауымдастығы басшысы Алексей Федоровтың айтуынша, осы мәселе кеден  және пошта қызметімен бірге жабық конференцияда талқыланады.

Федоров анықталған контрафактілік өнімді тәркілеп, жоюды ұсынады. Ол сатып алушыны жазаламау керек деп отыр. «Өйткені ол жасанды тауар екенінен бейхабар болуы мүмкін. Мұндай жағдайда өндіруші тарап сараптамаға шақырылып, егер жасандылық айқындалса, зат тәркіленіп, жойылады», — деп түсіндірді ол.