Ресеймен келіссөз жүргізген Украинаның бірінші делегациясының мүшесі өлтірілді (Фото) - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресеймен келіссөз жүргізген Украинаның бірінші делегациясының мүшесі өлтірілді (Фото)

Ресеймен келіссөз жүргізген Украинаның бірінші делегациясының мүшесі өлтірілді (Фото)

Украина Жоғарғы Радасының депутаты Александр Дубинский СБУ ұстап жатқан кезде Украинаның бірінші делегациясының мүшесі Денис Киреевті өлтірді деп мәлімдеді. Ресми ақпарат жоқ.

  • 5 Наурыз 2022
  • 3290
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ресейлік БАҚ хабарлауда, — деп жазады Day.Az

"СБУ қызметкерлері ұсталған кезде Украинаның бірінші Гомель делегациясының мүшесі Денис Киреев өлтірілді. Мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен. 

Киреев — Клюевтердің адамы (Андрей Клюев, 2012-2014 жылдардағы Украина ҰҚК хатшысы — ред.)…Ресеймен бірге келіссөз жүргізетін Украинаның бірінші делегациясына ол қалай мүше болды? Бұл туралы Президенттің кеңесінен білгіміз келіп тұр — деп жазды Дубинский өзінің Telegram арнасында.

Ал Украинаның "Шолушы" басылымы "Украинаның бірінші Гомель кездесуінде келіссөз жүргізуші Денис Киреев Украинаның қауіпсіздік қызметі ұстаған кезде өлтірілген деп болжайды. Алдын ала Киреев мемлекетке опасыздық жасады деген күдікке ілінген. Бұл туралы сенбі, 5 наурызда "Шолушы" өзінің дереккөзінен анықтаған".


 

Соңғы жаңалықтар