Ресми Бішкек Атамбаевтың Қазақстанға қатысты мәлімдемесінің мән-жайын түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресми Бішкек Атамбаевтың Қазақстанға қатысты мәлімдемесінің мән-жайын түсіндірді

Ресми Бішкек Атамбаевтың Қазақстанға қатысты мәлімдемесінің мән-жайын түсіндірді

Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Динара Кемелова Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісімен кездесті.

  • 21 Ақпан 2017
  • 373
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі таратқан ақпаратқа сілтеме жасай отырып, ҚазАқпарат хабарлады.

Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевтың 2017 жылдың 17 ақпанында Евроньюс телеарнасына берген сұхбатындағы пікіріне байланысты, Динара Кемелова Қазақстан елшісіне  2010 жылы сәуірде Қырғыз Республикасында орын алған оқиғаға байланысты, Қазақстан тарапы енгізген шектеулер мен шекаралар қырғыз азаматтары үшін біраз қиындық туындатқанын айтты.

Айта кетейік, Алмазбек Атамбаев сол сұхбатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болу мәселесін айта келе, 2010 жылы Қазақстан тарапы қойған шектеулерге байланысты, адам өлімі болғанын айтқан болатын. Сол себепті, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қырғыз тарапынан бұл пікірдің мән-жайын түсіндіруді сұраған еді.

Динара Кемелова атап өткендей, расымен де, 2010 жылы Қырғызстан азаматтарының қазасына әкеліп соққан оқиғалар болған. Сол жылы азаматтар заңды жолмен шекарадан аса алмаған соң, жас жігіттер Шу өзенінен жүзіп өтпек болған.  Ауырып жатқан баласын шекарадан асыра алмаған ата-ананың баласы қайтыс болған. Сол бір жарым айға созылған шектеу кезінде қатты сырқат адамдарға дәрі жеткізу мүмкін болмаған соң, науқастар көз жұмған. Қырғыз Республикасына аса қажетті дәрі-дәрмек жетпей қалған соң, мыңдаған адамның өміріне қауіп төнген. Шекара жабылған соң, қырғыз халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы нашарлап, шиеленіс өрши түскен.

«Алайда, бұдан әрі конструктивті өзара іс-қимыл орнату  үшін бұл мәселені қозғауды доғарып, екі мемлекеттің басшылары қойған міндеттерді орындауға кірісу керек», — дейді Д.Кемелова.


Кемелованың айтуынша, 2003 жылдың 25 желтоқсанында бекітілген мемлекеттік шекара арқылы өту пункттері туралы үкіметаралық келісім бұзылған соң, қазір қазақ-қырғыз шекарасындағы 12 бақылау-өткізу пунктінің төртеуі жабық тұр.

Соңғы жаңалықтар