Республикада барлық көпқабатты тұрғын үйдің 32 пайызы күрделі жөндеуді қажет етеді
Қазақстанда барлық көпқабатты тұрғын үйдің 32 пайызы күрделі жөндеуді қажет етеді. Бұл туралы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі департаментінің директоры Василий Маслов айтты. |
Оның айтуынша, әлемдік статистика бойынша, күрделі жөндеуді қажет ететін тұрғын үй қорының көрсеткіші 10 пайызды құраса, ол жақсы көрсеткіш болып саналады.
«Елбасының Жолдауына сәйкес 2015 жылға қарай бұл көрсеткішті 32-ден 22 пайызға азайту көзделіп отыр. Ал 2020 жылға қарай оны 10 пайызға дейін түсіру мақсатын қойып отырмыз», - деді ол.
Агенттіктің мәліметтері бойынша, бүгінгі күні Қазақстанда көпқабатты 172 мың тұрғын үй бар.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін