Жарияланды: 650

Республиканың ауылшаруашылығы саласы инвестициялардың тиімділігі жағынан мұнай өндіруден кейін екінші орынға шықты - Назарбаев

Республиканың ауылшаруашылығы саласы инвестициялардың тиімділігі жағынан мұнай өндіруден кейін екінші орынға шықты - Назарбаев

Астана. 23 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Республиканың ауылшаруашылығы саласы инвестициялардың тиімділігі жағынан мұнай өндіруден кейін екінші орынға шықты. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгін ашылған "Агроинвест. KZ-2008" бірінші халықаралық аграрлық инвестициялық форумына қатысушыларға арнаған жолдауында айтылған, жолдауды үкімет басшысы Кәрім Мәсімов оқып берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Әлемдік банктің бағалауынша, республиканың ауылшаруашылығы саласы инвестициялардың тиімділігі жағынан мұнай өндіруден кейін екінші орынға шықты. Ауылшаруашылығы өнімдерінің әлемдік бағасының өсуіне байланысты бұл саланың капитал салуға тартымдылығы арта түсті", - делінген жолдауда. "Қазақстанның табиғи- климаттық жағдайлары ел халқын басты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етіп қана қоймай, сыртқы нарыққа шығаратын азық-түліктің ауқымды бөлігін өндіруге де мүмкіндік береді ", -деді президент. "Қазақ бидайының бірегей қасиеті, мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік беретін ауқымды әлеует республиканың ауылшаруашылығын тұрақты дамытуға негіз болады", -делінген Елбасының хатында. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін