Жарияланды: 550

РФ мен ҚР ядролық қоғамдарының кездесуі аясында ядролық физика саласының профессорлары ҚазМУ студенттеріне атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалану туралы дәріс оқиды

Бүгін, 25-наурызда Алматыда өтетін РФ мен ҚР ядролық қоғамдарының кездесуі аясында екі елдің ядролық физика саласының профессорлары ҚазМУ студенттеріне атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалану туралы дәріс оқиды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Екі елдің ядролық қоғамдары мәжілісінің ашылуында сөз сөйлеген РФ ядролық қоғамының вице-президенті Сергей Кушнаревтың хабарлауынша, "ядролық физика кафедрасының студенттері үшін радиоактивті қалдықтар мен сәулемен зақымданған ядролық отынды көму жөнінде дәріс оқылады". С.Кушнаревтың айтуынша, "әсіресе жоғары активті қалдықтарға қатысты проблема ауқымды халықаралық жоба аясында шешілуі тиіс. Қазір осы бағытта жұмыстар атқарылып жатыр". "Бұл дүниежүзі үшін айрықша маңызды проблемалардың бірі",- деді РФ Ядролық қоғамының вице-президенті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін