Роман Скляр бұрынғы қызметінде қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Роман Скляр бұрынғы қызметінде қалды

Роман Скляр бұрынғы қызметінде қалды

Үкіметтегі ауыс-түйістер жалғасуда.

  • 3 Сәуiр 2023
  • 5
Фото - Caravan.kz

Роман Скляр премьер-министрдің бірінші орынбасары лауазымында қалды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды", — делінген хабарламада.

Роман Васильевич Скляр 1971 жылғы 8 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген. Павлодар мемлекеттік университетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, сондай-ақ, Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын экономист мамандығы бойынша және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы "Экибастузуглеавтоматика" монтаждау-жөндеу басқармасында слесарь-монтажшы қызметінен бастаған.

2006-2007 жылдары Астана қаласының әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі, 2007-2008 жылдары Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры, 2008-2010 жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары, 2010-2011 жылдары Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары, 2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация вице-министрі, 2014–2016 жылдары "Қазақстан Темір Жолы" АҚ вице-президенті қызметтерін атқарған.

2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы болды.


2016 жылғы мамырдан бастап Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі, 2016-2019 жылдары инвестициялар және даму бірінші вице-министрі болды.

2019 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметін атқарған.

2019 жылғы 18 қыркүйектен бастап ҚР Президентінің жарлығымен ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар
Тоқаев 71 жасқа толды
Жаңалықтар 17 Мамыр