Роман Скляр герман бизнесінің өкілдерімен веб-конференция өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Роман Скляр герман бизнесінің өкілдерімен веб-конференция өткізді

Роман Скляр герман бизнесінің өкілдерімен веб-конференция өткізді

2020 жылдың 21 сәуірінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен 50-ден астам неміс компаниясы басшыларының қатысуымен бейнеконференция өтті.

  • 22 Сәуiр 2020
  • 16
Фото - Caravan.kz

Іс-шараға екі елдің елшілері, Герман экономикасы Шығыс Комитетінің басқарушы директоры М. Хармс, Орталық Азиядағы герман экономикасы өкілдігінің басшысы Х. Восканян және ҚР салалық министрліктері басшыларының орынбасарлары қатысты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Роман Скляр COVID-19 пандемиясына байланысты қиындықтарға қарамастан, әріптестік қарым-қатынастарды сақтағаны үшін бизнесмендерге алғысын білдірді, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі арттыруға сенім білдірді және қазақстандық тараптың инвесторларға толық қолдау көрсетуге дайын екендігін атап өтті.

«Біз Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркель ханымның деңгейінде 2019 жылғы, сондай-ақ 2020 жылдың басында қазақстандық делегацияның Германияға басқа да ресми сапарлары барысында қол жеткізілген барлық келісімдердің орындалуына сенімдіміз",-деп атап өтті Роман Скляр бизнесмендермен әңгімелесу барысында.

Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Айдаров 3,7 млрд. АҚШ долларына 51 бірлескен инвестициялық жобаның жүзеге асыру барысы туралы баяндады.

Өз кезегінде германдық бизнес өкілдері коронавирустың пандемиясына қарамастан, инвестицияларды жалғастырудың және Қазақстанмен экономикалық байланыстарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ инвестициялық жобаларды қолдаудың теңдессіз шараларын назарға ала отырып, күн тәртібінде тұрған бірлескен өзекті жобалардың аяқталуына терең сенім білдірді. Тараптар бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды толығымен қолдайды және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуды жалғастырады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р. В. Склярдың неміс бизнес өкілдерімен бейнеконференция барысындағы келіссөздерінің тезистері:

Мен, ең алдымен, сіздер COVID-19 пандемиясына байланысты туындаған күрделі кезеңге қарамастан Қазақстанға қызығушылық танытқаныңызға және бүгінгі конференцияға қатысқаныңызға алғысымды білдіремін.

Қазақстанда коронавирустың елге енуіне және таралуына жол бермеу бойынша теңдессіз қауіпсіздік шаралары енгізілді.

Қазақстан үкіметі біздің азаматтарымыздың денсаулығын қорғау және қолдау, сондай-ақ экономика үшін теріс салдарды жеңілдету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

Карантин кезеңінде енгізілген барлық шектеу іс-шараларын атап өткім келеді: адамдар мен жүктердің қозғалуына, азық–түлік тауарларының жекелеген түрлерінің экспортына, кәсіпорындардың жұмысына және басқаларына — төтенше жағдай кезінде және адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін уақытша енгізілді.

Бизнес мемлекеттен салықтық жүктемені төмендету, қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары түрінде толық қолдау алады. Атап айтқанда, Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, экономиканың басым салаларын жеңілдікпен несиелендіруді 400 млрд теңгеден
1 трлн теңгеге дейін кеңейтті
, олар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталатын болады.

Мүмкіндігі шектеулі көмек тетіктері бойынша бизнеспен тұрақты диалог жүргізілуде.

Біз Германиядан келген барлық жұмыс істейтін инвесторларға толық қолдау көрсетуге дайынбыз.

Мен Германиямен инвестициялық ынтымақтастық біз үшін стратегиялық басымдыққа ие болады және болып қала береді деп сендіргім келеді. Бұрын қол жеткізілген барлық уағдаластықтар күшінде.

Біз Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркель ханымның деңгейінде 2019 жылы қол жеткізілген барлық уағдаластықтарды орындау үшін, сондай-ақ 2020 жылдың басында қазақстандық делегацияның Германияға басқа да ресми сапарлары барысындағы уағдаластықтарды орындауды үнемі қолға алып келеміз.

Үкіметтік жұмыс тобы шеңберінде біз бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде туындайтын барлық мәселелер мен проблемаларды жедел және құқықтық алаңда шешеміз.

Тағы да атап өтейін, біз Германиядан келген бизнес пен инвестицияның Қазақстанға келуі үшін барлық мүмкіндіктерді жасаймыз. Неміс компаниялары қолайлы режимге толық сене алады.

Ол үшін бізде Қазақстанда елеулі өнеркәсіптік әлеует пен пайдалы географиялық жағдайды қоса алғанда, барлық жағдай мен алғышарттар бар.

Біздің серіктестеріміздің өз өнімдерін Ресей, Қытай және Азия нарықтарына көліктік транзиттік дәліздер арқылы жеткізуге жақсы мүмкіндіктері бар.

Біздің сізбен бірге міндетіміз төтенше жағдай аяқталған соң, біздің іскерлік ынтымақтастығымыздың қарқынын мүмкіндігінше тезірек жаңғырту және қалпына келтіру. Біз қалыптасқан достық қатынастардың сақталуына сенеміз және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі арттыруға үміттенеміз.

Біз мәселелердің ықтимал шеңбері бойынша инвестициялық ынтымақтастықты барынша жандандыруға бағытталғанын атап өткім келеді. Мен осы бағытқа жетекшілік жасау арқылы сіздердің барлық бастамаларыңызға қолдау көрсету үшін барлық күш-жігерімді жұмсаймын.

Мемлекет басшысының 2019 жылғы желтоқсанда Берлин қаласына және 2020 жылы Мюнхен қаласына сапарлары аясында қол жеткізілген Германиямен стратегиялық ынтымақтастықты және уағдаластықтарды тереңдету ерекше бақылауда тұрғанын атап өткім келеді.

Соңғы жаңалықтар