"Роналду қартайған, командасын артқа тартып жатыр": Белгілі футболшы жанкүйерлерінің көңілін қалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Роналду қартайған, командасын артқа тартып жатыр": Белгілі футболшы жанкүйерлерінің көңілін қалдырды

"Роналду қартайған, командасын артқа тартып жатыр": Белгілі футболшы жанкүйерлерінің көңілін қалдырды

Роналду кешегі ойында пенальти сала алмай жылап жіберді.

  • 2 Шiлде
  • 36
Фото: ашық дереккөз

39 жастағы белгілі футболшы Кришитану Роналду бастаған Португалия ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының 1/8 финалында Словенияны жеңіп ширек финалға шықты. Қақпашының шебер ойыны Португалияны жеңілістен құтқарды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Португалия – Словения арасындағы ойынның негізгі уақыты және одан кейінгі қосымша уақыты да 0:0 есебімен аяқталды. Қосымша уақытта Словения ойыншылары айып алаңында португалиялық футболшыны шалып жығып, словениялықтар қақпасына пенальти белгіленген. Бірақ Португалияның әйгілі футболшысы Криштиану Роналду пенальтиден мүлт кетіп, жылап жіберді.

Осы тұста мамандар Роналду бұрынғыдай күші жоқ екенін айтып жатыр.

«Роналду бұрынғыдай физикалық формада емес. Ол команданы артқа тартып жатыр. Уақыты бітті. Англия құрамасы Роналдуны ұлттық құрамаға шақыруға мүмкіндігі болса да, оны шақырмас еді. Бұндай ойыннан кейін оны тіпті қуып жіберер еді. Он немесе бес жыл бұрын ол ұлттық құрамадағы орны үшін күресе алатын күші бар еді. Тіпті басқа ойыншылар оның қасында тек қосалқы ретінде тұрушы еді. Алайда уақыт жеңіп кетті. Қазір Роналду қартайып қалған. Енді ол жаңа футбол жұлдыздарымен бәсекеге түсе алмайды», — деді Алли Маккойст.

Биылғы Еуропа чемпионатында әлем жұлдызы Кришитану Роналду өзін көрсете алмады. Ұлттық құраманың жанкүйерлерінің көңілі қалғандай. Словениямен ойында команданы жеңілістен құтқарған қақпашы. Себебі ойын барысында Роналдуда көптеген мүмкіндік болғанымен, ол қақпаға допты бағыттай алмады. Пенальтиден де мүлт кетті. Қыл үстінде тұрған Португалия құрамасының тағдыры матч соңынан кейінгі пенальти сериясында шешілді. Кошта Словенияның үш пенальтиін де қайтарды. Португалия тарапынан пенальти сериясын Роналду бастап, бұл жолы ол әйтеуір мүлт кеткен жоқ. Осы ойыннан кейін ол өз карьерасына байланысты мәлімдеме жасады.

«Бұл, әрине, менің соңғы еуром болады. Бірақ мені алаңдататыны бұл емес. Жанкүйерлерді аядым. Сағынсам да, сағынбасам да, мен командам үшін барымды беруге дайынмын. Өмірімнің соңына дейін күресуге дайынмын. Бұл үлкен жауапкершілік», — деп жазды журналист Фабрицио Романо Роналдудың әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ Роналду ойыннан соң УЕФА сайтына: «Өте қиын болды, бірақ бұл – футбол. Қарсылас жақсы қорғанды, олар физикалық тұрғыдан өте мықты. Бірақ Португалия жақсырақ ойнағандықтан, гол салуға жақсы мүмкіндіктер ұйымдастырғандықтан жеңді. Біз жеңіске лайық болдық» деп қорытындылады.

Португалия құрамасы енді ширек финалда Франциямен кездеседі. Ойын 5 шілде күні өтеді.